# started 2014-09-02T08:18:53Z "Қазақстанда қала мәртебесіне ие 86 елді-мекен бар. Республика тұрғындарының 56%-ы қалаларда шоғырланған."@kk . "Га́гра (Абхазия, Гүржістан) — Қара теңіз жағалауында орналасқан дауалы жері бар қала."@kk . " Басқа мағыналар үшін, Атырау (айрық) деген бетті қараңыз.Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі.Облыс орталығы - Атырау қаласы."@kk . "Түрікменстан (түрікм. Türkmenistan) — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет."@kk . "Ресей (гр. Ρωσία — Русь; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия, қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі."@kk . "Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр."@kk . "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 26 тамыз 1920 ж. РСФСР құрамында Қырғыз АССР қалпында құрылған. 1936 ж. 5 желтоқсанында Қазақ ССР ретінде одақтас республикасы статусын иеленген. 1991 ж. желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап Қазақстан Республикасы атанады."@kk . "Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы өз. O‘zbekiston Respublikasi — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 447,4 мың км2. Халқы – 24,2 миллион (2004). Негізгі халқы – өзбектер (74,8%), онан басқа орыстар (6%), қазақтар (5,1%)тәжіктер (4,8%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі – өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам)."@kk . "Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс республиканың 4 басқа облыстарымен шекараласуда (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және СҚО) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Корған). Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1979 жылы құрылған, Тобыл өзені жағасында орналасқан."@kk . " Басқа мағыналар үшін, Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан (орыс. Казахстан немесе Республика Казахстан) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.2014 жылдың 1 наурызында елдегі тұрғындар саны - 17 202600 адам бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі."@kk . "Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.Ұлы Жібек жолы ­- әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі."@kk . "Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр."@kk . "Қырғыз Республикасы, Қырғызстан — Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 миллион адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер (14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері."@kk . "Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды.Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең.Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар."@kk . " Басқа мағыналар үшін, Алматы (айрық) деген бетті қараңыз.Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы."@kk . "Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 617,6 мың адам (1999)."@kk . "Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: 中华人民共和国; дәст. қытайша: 中華人民共和國; пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде."@kk . "Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Тұрғыны 1,35 млн адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді (2009). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар."@kk . "Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,707,459 адам (2013). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар."@kk . "Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан ірі әкімшілік бірлігі.Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерім